Halyq Uni логотип
×

Құлсарыда тасқыннан зардап шеккен тұрғындар үшін жаңа аудан бой көтерді

Онда 100 отбасы қоныстанады

 Динара Амантай 19.08.2024 | 15:15
Құлсарыда тасқыннан зардап шеккен тұрғындар үшін жаңа аудан бой көтерді
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

Атырау облысының Жылыой ауданы Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін жаңа ықшам аудан салынып жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Болашақ» деп аталатын жаңа ауданға кезең-кезеңімен 100 отбасы қоныстанады. Құлсарыда тамыздың соңына дейін 80 үй пайдалануға беріледі. Құрылыс алаңында жергілікті 8 мердігер мекеме және 414 жұмысшы жұмылдырылды. Нәтижесінде, осы айдың соңына дейін 80 үй пайдалануға берілсе, қалған 20 үй қыркүйекте аяқталады деп жоспарланып отыр.

Әр үйдің көлемі – 100 шаршы метр, 5 бөлмеден тұрады. Қазір 84 үйдің қабырғасын қалау жұмыстары бітті. 57 үйдің төбе жабындысын жабу жұмыстары жүріп жатыр. 35 үйдің сылақ жұмыстары басталып, 43 үйге терезе орнатылды. Сонымен қатар, жаңа үйлерген электр, су, кәріз желісі тартылды, – делінген Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің хабарламасында.

Ахуалдық орталықтың мәліметінше, Атырау облысында 2 674 объектіге техникалық тексеру жүргізілді. Оның нәтижелері бойынша:

  • 100 үй салу – 100-інің құрылысы басталды;
  • 1 376 үй сатып алу – 1 372 сатып алынды;
  • 1 198 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу – 1 191 аяқталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама