Halyq Uni логотип
×

Шаршы алаңда есінен айырылып, көлеңкесімен жұдырықтасқан боксшы қайтыс болды

Ол нокдаун алғаннан кейін комаға түсті

 Дастан Жұмабекұлы 09.06.2022 | 13:09
Шаршы алаңда есінен айырылып, көлеңкесімен жұдырықтасқан боксшы қайтыс болды
фото: ringside24.com

Оңтүстік Африка Республикасының Дурбан қаласында жергілікті боксшы Симисо Бутелези қайтыс болды.

Allboxing.ru порталының хабарлауынша, ол кәсіпқой бокстан WBF тұжырымы бойынша құрлық чемпионы атағы үшін шаршы алаңға шығып, отандасы Сифесиле Мнтунгвадан ауыр соққы алған. Сол кезде ол нокдаун алғаннан кейін орнынан тұрып, жекпе-жекті жалғастыруға дайын екенін білдірді. Одан кейін есінен айырылған боксшы бір орында тұра алмай, көлеңкесіне соққы жасағысы келді. Осы жерде рефери жекпе-жекті тоқтатып тастады.

Одан әрі боксшы ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, комаға түсті. Оған дәрігерлер көмектесе алмады. Бутелези бас сүйек-ми жарақатынан есін жия алмай, қайтыс болды. Ол 24 жаста еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама