Синтетикалық есірткі таратқан жас жігіт 10 жылға сотталды
Ол тапсырысты мобильді қосымша арқылы қабылдаған
Қызылордада синтетикалық есірткі таратқан 24 жастағы жігітке сот үкімі шықты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Polisia.kz мәліметінше, биыл ақпанда қалада полиция жас жігітті ұстаған. Тексеріс барысында күдіктіден 13,53 грамм психотропты заттар табылды. Бұл үлкен мөлшердегі синтетикалық есірткі саналады.
Күдіктінің айтуынша, ол мобильді қосымша арқылы тапсырыс қабылдап, синтетикалық есірткіні белгілі бір жерлерде жасырып жүрген.
Сотта айыпталушы кінәсін мойындады.
Соттың үкімімен 24 жастағы жігіт кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп жазылған хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енді.