Тоқаев Тәжікстанға барады

Динара Амантай

Жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер өтеді

Фото: Halyq Uni

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 22-23 тамызда Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен президент Эмомали Рахмон Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылайды, – делінген Ақорда хабарламасында.

Сондай-ақ, екі елдің cаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған.