Экологиялық заңнама талаптары бұзылған
Маңғыстауда мұнай компаниясына қомақты айыппұл салынды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Табиғат қорғау прокуратурасының мәліметінше, «Жалғызтөбемұнай» ЖШС 2024 жылдың 1-11 қаңтар аралығында экологиялық рұқсатсыз мұнайды және ілеспе газды өндірген.
Прокурорлық қадағалау актісімен аталған мекеме Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Айыппұл көлемі – 7,8 млн теңге.