×

«Біз онымен кеңеспейміз» - Сенат төрағасы Назарбаевқа қатысты сұраққа жауап берді

Елдің саясатына саясаткер ретінде де, елдің тұңғыш президенті ретінде де қатыспайды

 Еркеғали Болатұлы 09.06.2022 | 13:11
фото: ашық дереккөз

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның саясатына енді араласа алмайды. Бұл туралы бүгін Сенат кулуарында журналистерге берген жауабында палата спикері Мәулен Әшімбаев айтты.

Ол елдің саясатына саясаткер ретінде де, елдің тұңғыш президенті ретінде де қатыспайды. Біз онымен кеңеспейміз, - деді ол.

Еске сала кетсек, кеше Мәжіліс кулуарында Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ғабит Садырбеков Назарбаев пен оның отбасына қатысты ешқандай іс тергелмейтінін айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама