Жолаушыларға билет құнын айыппұлсыз қайтару ұсынылды
Ақтөбеде ұшақтың зақымдануы басқа ондаған рейсің кешігуіне әкелді, деп хабарлайды Halyq Uni
Air Astana әуе компаниясының мәліметінше, 16 тамызда Airbus A321 ұшағын сүйрету кезінде шассидің тұмсық тірегіндегі бекітпе зақымданған. Ақтөбе-Алматы бағыты бойынша КС866 рейсі алдымен 17 тамызға дейін кешіктіріліп, кейін баламасыз тоқтатылды.
Жолаушыларға билет құнын айыппұлсыз қайтару ұсынылды.
Жөндеу жұмыстарын орындау үшін ұшақты жолаушыларсыз Астанаға жеткізу туралы шешім қабылданды, алайда елордалық әуежайдың түнгі уақытта жабылуына байланысты әуекомпания айдау рейсін 19 тамызға қалдыруға мәжбүр, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, аталмыш ұшақтың зақымдануы салдарынан басқа ондаған рейстің кешіккені атап өтілді.