Ресейдің Камчаткасында Шивелуча жанартауы атқылап жатыр
Қызыл түсті авиация коды жарияланды
Ресейдің Камчаткасында Шивелуча жанартауының атқылай бастауына байланысты авиация кодының «қызыл» деңгейі жарияланды.
Бұл туралы Ресей ғылым академиясының қиыр шығыстағы бөлімінің Telegram каналынан мәлім болды, деп жазады Halyq Uni Kazinform-ға сілтеме жасап.
«Жанартаудың күлі шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай 492 км қашықтыққа тарады. Қызыл түсті авиация коды жарияланды. Яғни, вулкан жергілікті және халықаралық әуе тасымалдары үшін қауіпті»,-делінген хабарламада.
Шивелуча жанартауы Камчаткада 18 тамыз күні Каран және Ресей ғылым академиясына 300 жыл мұнараларында атқылады. Жанартаудан шашыраған күл алдын ала мәлімет бойынша теңіз деңгейінен 8 км биіктікке көтерілген.
Шивелуч жанартауының белсенділік таныта бастағанынан 60-70 жыл болған.