Жапонияда жойқын жер сілкінісі болды

Халық үні

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ

Фото: istockphoto.com

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы Хонсю аралының жағалауында 5,0 баллдық жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ұйымның сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, эпицентр Мито қаласынан солтүстікке қарай 40 км жерде орналасқан, онда шамамен 246 мың адам тұрады. Зілзала ошағы 35 км тереңдікте жатқаны белгілі болды.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат болған жоқ.

Цунами қаупі туралы хабарланған жоқ.