Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының жаңа бас бапкері күтпеген мәлімдеме жасады

Халық үні

Қазіргі кезде Қазақстан боксында бірқатар проблема бар, дейді ол

Фото: kfb.kz

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі жаңадан тағайындалған ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжановтың жұмыс жоспарына қатысты мәлімдемесін жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мемлекет және Қазақстан бокс федерация басшылығы жағынан сенім білдіріп жатқанына алғысымды айтамын. Бұл тұрғыда бізге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Қазіргі кезде Қазақстан боксында бірқатар проблема бар. Ол проблемаларды Париж Олимпиадасында көрдік. Ең біріншіден, жаттығу жоспарларының дұрыс құрылмауы мен командалармен бірлескен оқу-жаттығу жиындарының өтпеуі себебінен, - деді бас бапкер.

Оның сөзінше, алға ауқымды жоспар қойылып отыр. Біріншіден, жасөспірімдер, жастар командаларына бірдей көңіл бөлу, сондай-ақ Қазақстандағы іріктеу жарыстарының әділ өтуіне екпін қойылмақ.

«Жаттығу жиындарының барлығын бір жүйеге келтіру жоспарланған. Команда жұмысын жақсарту бағытында шетелден мамандарды шақыртуды ойластырып отырмыз. Қазақстан ұлттық құрама командасының бас бапкері болу жолында елге қызметуге, ел сенімін ақтауға барымды саламын», - деді ол.