Шығыс Қазақстанда демалыс базасы өртенді (ВИДЕО)
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Шығыс Қазақстан облысының өрт сөндірушілері демалыс базасындағы отты сөндірді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Риддер қаласы маңындағы жеке демалыс базасының аумағында 70 шаршы метр алаңда моншаның ағаш конструкциялары жанды.
Өрт сөндірушілер жалынды жойып, оның басқа ғимараттарға таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ, – деп қосты ведомство.
Өрт туындаған жағдайда 112 немесе 102 нөміріне хабарласыңыздар, деп ескертті мамандар.