Француз актері Ален Делон өмірден өтті

Қымбат Елтайқызы

Ол 88 жаста болған

фото: ©️arp/depositphotos.com

Атақты француз актері Ален Делон 88 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Le Monde басылымының мәліметінше, танымал киножұлдыз Францияның Души-Монкорбон ауданындағы өз үйінде қайтыс болған.

Ален Делон – әйгілі француз театр және кино актері, кинорежиссер, сценарист әрі продюсер. Өткен ғасырдың 60-80 жылдары аса танымал болған киножұлдыз.

Оның атағы «На ярком солнце» (1960), «Рокко и его братья» (1960), «Леопард» (1963), «Черный тюльпан» (1964) фильмдерінен кейін шыға бастаған. Көптеген марапатқа ие болған.