Тауларға шықпауға кеңес берілді
Алматы тауларында сел жүру қаупі жоғары деп жарияланды, деп хабарлайды Halyq Uni ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Осы себептен Төтенше жағдайлар министрлігі таудағы саяхаттарды кейінге қалдыруды сұрайды.
Бұған дейін Алматы тауларында адасып кеткен туристердің құтқарылғаны жайлы жазған едік. Таулы аумақтарда ауа райы бұзылып, дауыл күшейген болатын.