Halyq Uni логотип
×

Алматыдағы «Асылтау» тұрғын үй кешенінде бір әйел ауыр соққыдан көз жұмған

Күйеуі ұрып өлтірді, - дейді жергілікті тұрғын

 Халық үні 17.08.2024 | 19:42
Алматыдағы «Асылтау» тұрғын үй кешенінде бір әйел ауыр соққыдан көз жұмған
фото: НеМолчиKZ

17 тамызға қараған түні «НеМолчиKZ» қорына Алматыдағы «Асылтау» тұрғын үй кешендерінің бірінде әйел адамның өлтірілгені туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қор жетекшісі Дина Таңсәрінің айтуынша, әйел ғимараттағы 14-15 қабаттарды жинап, тазалықшы болып жұмыс істеп жүрген. Тұрғын үй кешеніне полиция мен жедел жәрдем сағат 17:00-де жеткен.

Біздің Алматыдағы тұрғын үй кешенінде тазалықшы әйелді күйеуі ұрып өлтірді. Бұл – сұмдық. Біздің елде әйелін ұрып-соғып өлтіру сәнге айналған сияқты. Қылмыскерді қолға түсірген секілді. Әйелдің жасы 45-те еді. Бір қызы бар. Мен оны күнде көретінмін. Сондай ұқыпты еді. Екі үйді 14-15 қабатқа дейін тап-таза етіп жинап шығатын, – деп жазды тұрғындардың бірі.

Бүгін Алматы қалалық полиция департаменті қайғылы оқиғаны растап, іс қозғалғанын мәлімдеді.

Алматы қаласының полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлайды. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама