Halyq Uni логотип
×

Ұшақ жолақтан сырғып кеткен: Астана әуежайы жабылды (ФОТО)

Әуе кемесі шұғыл қонуға шешім қабылдапты

 Қымбат Елтайқызы 17.08.2024 | 17:30
Ұшақ жолақтан сырғып кеткен: Астана әуежайы жабылды (ФОТО)
фото: Астана әуежайы

Елордада ұшақтың дұрыс қонбауына байланысты жергілікті әуежай жабылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де Boeing 777-300ER (борт нөмірі HBJNI) ұшағымен Токиодан Цюрихке ұшқан Swissair SWR161 рейсі Астана әуежайына шұғыл қонды. Экипаж 50 жастағы жолаушының инсульт алды деген күдікке байланысты қонуға шешім қабылдады, деп мәлімдеді әуежайдың баспасөз қызметі.

Сағат 16:00-де ұшақ жолаққа сәтті қонғаннан кейін, ұшу-қону жолындағы бұрылыс кезінде экипаж қателігінен ұшақ жолақтан сырғып кетті. Осыған байланысты сағат 16:03-те апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін дабылды ескерту жарияланды. Астана әуежайы екі сағатқа барлық рейс үшін уақытша жабық. Осының салдарынан тұрақты рейстердің кешігуі күтілуде, – деп қосты әуежай.

«Біз жолаушыларымыздан келеңсіз жағдай үшін кешірім сұраймыз және кідірістерді азайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Жағдай біздің бақылауда. Жаңа ақпарат пайда болысымен бөлісеміз. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз», – деп түйіндеді баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама