Көз жұмғандардың екеуі – тәртіп сақшылары
Жамбыл облысында екі көлік соқтығысып, алты адам мерт болды, деп хабарлайды Halyq Uni.
17 тамыз күні түнгі сағат 01:00 шамасында Меркі ауданына қарасты Тәтті ауылының маңында Тoyota Alfard минивені мен Skoda Octavia полиция көлігі бетпе-бет соқтығысып, минивэн өртке оранған, ал сақшылар көлігінің алдыңғы бөлігінен түк қалмаған – делінген Kris_p_almaty каналындағы ақпаратта.
Оқиға салдарынан екі тәртіп сақшысы және Toyota Alfard көлігінің төрт жолаушысы апат болған жерде тіл тартпай кетті. Тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді.