×

Жамбыл облысында жантүршігерлік апаттан 6 адам қаза тапты (ФОТО)

Көз жұмғандардың екеуі – тәртіп сақшылары

 Қымбат Елтайқызы 17.08.2024 | 13:41
Фото: Telegram/ Kris_p_almaty

Жамбыл облысында екі көлік соқтығысып, алты адам мерт болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

17 тамыз күні түнгі сағат 01:00 шамасында Меркі ауданына қарасты Тәтті ауылының маңында Тoyota Alfard минивені мен Skoda Octavia полиция көлігі бетпе-бет соқтығысып, минивэн өртке оранған, ал сақшылар көлігінің алдыңғы бөлігінен түк қалмаған – делінген Kris_p_almaty каналындағы ақпаратта.

Оқиға салдарынан екі тәртіп сақшысы және Toyota Alfard көлігінің төрт жолаушысы апат болған жерде тіл тартпай кетті. Тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама