Тоқаев Индонезия президентіне жеделхат жолдады
Хаттың мазмұны белгілі болды
Мемлекет басшысы Индонезия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ақорда мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев президент Джоко Видодоны Индонезияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Тоқаев Индонезияның әлеуметтік-экономикалық бағыттағы зор жетістіктерін атап өтіп, екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға бейілді екенін жеткізді, – делінген ақпаратта.
Мемлекет басшысы Джоко Видодоның барлық игі бастамасына табыс, ал достас Индонезия халқына бақ-береке тіледі.