×

Елордада табысқа жеткен әскерилер форумы өтеді

Бұл шара азаматтық өмірде табысты мансап құрғысы келетін бұрынғы әскери қызметшілерге ерекше мүмкіндіктер береді

 Халық үні 16.08.2024 | 19:29
фото: zanmedia.kz

Астанадағы Назарбаев Университетінің Green hall залында «Табысқа жету – ұмтылу!» атты азаматтық өмірде табысқа жеткен әскерилер форумы өткізіледі.

Бұл форум қызмет аяқталғаннан кейін әскери қызметшілерді азаматтық өмірге сәтті бейімдеу тарихы мен тәжірибесін бөлісуге дайын жетекші сарапшылар мен пікір жетекшілерін бір алаңда біріктіреді. Онда жетістіктері мыңдаған адамды жігерлендіретін танымал тұлғалардың сөйлеген сөздеріне ерекше назар аударылады.

Форумға белгілі қазақстандық кәсіпкер, «Қазатомпром» Ұлттық атом компаниясы» АҚ экс-президенті Мұхтар Жәкішев бизнестегі өз жолы туралы айтып, осы жолда кездескен қиындықтарды қалай еңсергені туралы құнды ойларымен бөліседі. Шара сұрақ-жауап түрінде өтеді.

Сондай-ақ атақты қазақстандық қара күш иесі, ҚР ізгі ниет елшісі, Туризм және спорт министрлігінің елшісі, МКҚ запастағы майоры Сергей Цырульников өзінің керемет күші мен табандылығының құпияларын аша отырып, «Мақсатқа жетуге ынталандыру» тақырыбында сөз сөйлейді.

Ал екі дүркін Олимпиада чемпионы, бірнеше дүркін әлем чемпионы Илья Ильин ақыл-ой күші мен өзін-өзі тәрбиелеудің өмірде жеңіске жетуге қалай көмектесетінін көрсете отырып, «Ерік күші» тақырыбында әңгіме өрбітеді.

Одан бөлек, форумда бюджетінде қаржы жоқ, «Әскерден кейінгі интеграция қоғамдастығы» жобасының 6 айлық қорытындысы шығарылатын болады. Бұрынғы әскери қызметшілерді қолдауға бағытталған бұл жоба қаржылық ресурстардың жоқтығына қарамастан айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген.

Форум бағдарламасы мына іс-шараларды қамтиды:

  • Азаматтық өмірге көшудің сәтті кейстерінің тұсаукесері;
  • Мұхтар Жәкішев, Сергей Цырульников, Илья Ильин және басқа табысты бұрынғы әскерилер, кәсіпкерлер кеңесі;
  • «Әскерден кейінгі интеграция қоғамдастығы» жобасын қорытындылау және одан әрі дамыту жолы;
  • Демеуші серіктестерден фуршет қазақстандық «SF» дәмді тағамдар желісі;
  • Байланыс және тәжірибе алмасу үшін желілік сессиялар.

Форум азаматтық өмірде табысты мансап құрғысы келетін бұрынғы әскери қызметшілер үшін ерекше мүмкіндіктер береді және олардың қоғамға сәтті интеграциялану жолындағы маңызды қадам болады.

Форумға қатысу үшін 8-777-103-20-24 телефоны арқылы тіркелу қажет.

Бұл шара көптеген ардагер үшін табысты болашаққа жасалған маңызды қадамы болатыны сөзсіз.

Өтетін күні: 2024 жылдың 25 тамызы (жексенбі).

Тіркелу уақыты: 13:30-13: 55.

Өтетін уақыттары:

  • 14: 00-15: 30 – Форум;
  • 15: 30-16: 00 – фотосессия;
  • 16: 00-17: 30 – фуршет.

БАҚ үшін байланыста: Жантенов Рүстем Ерболатұлы.

  • Телефон: 8-701-470-68-47;
  • Instagram/Тик-Ток: @nespi.qz

Серіктес жаңалықтары

Сараптама