Балқашта демалушылар уланды: полиция қылмыстық іс қозғады
Кінәлілер анықталып жатыр
Балқаштағы демалыс орындардың бірінде қонақтардың жаппай уланғаны анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Балқаштағы көпсалалы ауруханасының инфекциялық бөліміне 14 адам түскен. Оның – бесеуі ересек, тоғызы бала.
Олар орташа дәрежеде уланған. Науқастар тексерістен өтті. Алайда олар ауруханада жатудан бас тартты. Сондықтан уланған демалушылар палатаға орналастырылды, - деп жазылған хабарламада.
Облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Балқаш қаласындағы демалыс орындардың бірінде адамдардың жаппай улануына байланысты Қылмыстық кодекстің 304-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп жазылған хабарламада.