×

Қытайдан әкелінген қалампырлар жойылды

Олардан қауіпті зиянкес анықталды

 Динара Амантай 16.08.2024 | 17:11
Фото: ru.wikipedia.org/Valérie75

Қытайдан әкелінген қалампырдың ірі партиясы жойылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, «Астана халықаралық әуежайы» фитосанитариялық бақылау пунктінде қалампыр кесінділерінде қауіпті зиянкеспен зақымдалған гүлдерге тән белгілер байқалған. 1600 дана қалампыр Қытай Халық Республикасынан әкелінген.

Іріктелген үлгілер карантиндік зертханалық сараптама жүргізу үшін республикалық өсімдіктер карантині орталығына жіберілді. Сараптама қорытындысына сәйкес, карантиндік объектінің батыс гүл трипсімен залалданғаны расталды, – делінген министрлік хабарламасында.

Аталған дерекке қатысты әкімшілік хаттама жасалып, іс сотқа жіберілді. Ауданаралық мамандандырылған соттың шешіміне сәйкес, залалданған өнім өртеліп, көзі жойылды.

Айта кетсек, батыс гүл трипсі немесе калифорниялық гүл трипсі – Thripidae тұқымдасына жататын трипс түрі, мәдени өсімдіктердің ең қауіпті зиянкестерінің бірі, сонымен қатар өсімдіктердің вирустық ауруларының тасымалдаушысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама