Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны күрт өсті. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Қазір Ресейде, Еуропа мемлекеттерінде коронавирустың өршуін байқап отырмыз. Биыл шілдеде (маусыммен салыстырғанда) Қазақстанда COVID-19 вирусының өршуі байқалды. Алайда өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 8 есе төмен, - деді Тимур Сұлтанғазиев ОҚК-де өтен баспасөз мәслихатында.
Вице-министр елімізде эпидемиологиялық ахуал тұрақты екенін атап өтті.
«Жыл сайын Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері ЖРВИ, коронавирусқа қарсы күресу үшін қаулыны қабылдайды. Осыған сәйкес, медициналық ұйымдардағы дәрігерлер мен қызметкерлер маска тағуы керек. Жалпы қазақстандықтарға мұндай шектеу қойылмады. Қаулының негізгі мақсаты – денсаулық сақтау ұйымдарын ЖРВИ мен коронавирусқа қарсы күреске дайындау», - деді министрдің орынбасары.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері 1300-ге жуық қазақстандық COVID-19 жұқтырған.