Оның түрмедегі тәртібіне оң баға берілді
Өскемен қалалық №2 сотының үкімімен кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы бас бостандығын шектеуге ауыстырылды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Қайрат Сатыбалды өзінің өтінішхатында жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы өтінішхат жіберген.
Прокурор Сатыбалдының өтінішхатын қанағаттандыруды сұрап, оны соңғының жазаны ауыстыру үшін барлық шартты орындағанымен, сондай-ақ мемлекетке өз еркімен өзге де мүлікті бергенін айтты.
Қайрат Сатыбалды орташа ауыр қылмыс және ауыр қылмыс жасаған. Ол жазаның 1/3 бөлігінен астамын өтеген.
Түзеу мекемесінің әкімшілігі сотталған адамды оң сипаттайды, ол тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысқан.
Ол мемлекетке келтірілген залалды толық өтеген. Сот үкімімен өндіріп алынған сомалар (іс жүргізу шығындары, мәжбүрлі төлем) төленген.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде сот жазасын өтеушінің өтінішхатын қанағаттандырды және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін 3 жыл 3 ай 7 күн мерзімге бас бостандығын шектеуге ауыстырды.
Қайрат Сатыбалдыға пробациялық бақылау белгіленді. Тұрақты жұмысы болмаған жағдайда сотталушы жазаны өтеудің барлық мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылады.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін сот үкімімен Қайрат Сатыбалды Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі, 189-баптың 4-бөлігі 2) тармағы («Сеніп тапсырылғанның мүлкін жымқыру»), 28-баптың 3-бөлігі, 195-баптың 2-тармағы («Ұрлық жасау мақсатынсыз залал келтіру») бойынша мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан 10 жылға айырылып, 6 жылға сотталған еді.