Қалалар ұлғайып жатыр, энергияны қайдан аламыз?
Алматыда АЭС салу бойынша жария талқылау өтті
Атом электр стансасын салу бойынша Алматыда өткен жария талқылауға қазақстандық сарапшылармен бірге шетелдік мамандар қатысты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бүгін Алматыда өткен Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жария талқылауға қатысқан мәслихат депутаты Гүлмира Байғабулова аталған мәселеге қатысты пікір білдірді.
Көптеген қазақстандықтар сияқты, менің де Семей полигонындағы сынақтардан зардап шеккен таныстарым бар. Бұл тақырып мені бала кезімнен бастап толғандыратын. Бірақ мен ҚазҰУ физика кафедрасында атом ядросының фото бөлінуі тақырыбында магистрлік жұмыс жазған кезде маған көп нәрсе түсінікті болды. Ашық жарылыстар мен оқшауланған герметикалық жүйені араластырмаңыз, бұл түсініктерді ауыстырудың қажеті жоқ. Өз елін қолдайтын адам ретінде, Алматы қоғамдық кеңесінің өкілі ретінде мені урбанистика және қала құрылысы саласының тақырыптары толғандырады. Қазақстанның қалалары ұлғаяды, бірақ өсіп келе жатқан халықты электр энергиясымен қамтамасыз ететін қуаттарды қайдан алуға болады?- деді Гүлмира Байғабұлова.
Сонымен қатар, спикер атом электр станциясының құрылысын талқылаудың жариялылық принципіне назар аударды. Мәселен, бұндай талқылаулар АЭС құрылысын бастаған Өзбекстанда болмағанан атап өтті.
Біздің мамандар бұл мәселеге аса мұқият қарайды», - деді депутат.
Сонлай-ақ Қазақстанда атом энергетикасын дамыту мәселелерін талқылау барысында Германияда атом энергиясынан бас тартудың әсері де қозғалды. DEUTSCHE ALLGEMEINE ZEITUNG неміс газетінің бас редакторы Олеся Клименко 2011 жылдан бастап Германия атом энергиясын пайдаланудан біртіндеп бас тарта бастағанын және өткен жылдың сәуір айында соңғы атом электр станциясы жабылғанын атап өтті. Германияның тәжірибесі көрсеткендей, жаңартылатын энергияның белсенді дамуымен де атом энергетикасынан толық бас тарту теріс салдарға әкелетінін көрсетті.
Бүгінде Германияның көптеген азаматтары, соның ішінде журналистер де қабылданған шешімнің асығыстығына алаңдаушылық білдіруде. Баламалы көздердің дамуына қарамастан, Германия әлі күнге дейін атом электр энергиясын Франция сияқты көрші елдерден сатып алады, онда энергияның 72% атом станцияларында өндіріледі, -деді ол.
Сондай-ақ ол Германияның тәжірибесі атом энергиясынан бас тарту электр энергиясының қымбаттауына әкелгенін атап өтті. Бұл көптеген ірі кәсіпорындарды өндірісті басқа елдерге көшіруге мәжбүр етті деген пікірде. Бұл өз кезегінде жұмыс орындарының жоғалуына және салықтың қысқаруына әкелді, деді журналист.