Абай облысында қоныс аударушы 4 млн теңгені заңсыз алған

Динара Амантай

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр

Фото: Halyq Uni

Абай облысында ерікті қоныс аудару бағдарламасына қатысушы 4 млн теңге жымқырған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мемлекетпен қоныс аударушыға тұрғын үйді сатып алуға, құрылысқа немесе ипотекалық несиелер бойынша бастапқы жарна үшін 1 160 АЕК-тен аспайтын ақшалай көмек көрсетіледі.

Облыстық прокуратурасының мәліметінше, қоныс аударушы үй иесінен іс жүзінде баспана сатып алмай, жеке пайда алу үшін жылжымайтын мүлікті қайта тіркеу туралы жалған мәміле жасаған.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі («Алаяқтық») бойынша аудан прокуратурасы бастаған сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Мемлекетке келтірілген залал өтелді, – делінген прокуратура хабарламасында.