×

Қазақстаннан ағаш материалдарын шығаруға тыйым салынды

Шектеу 6 айға енгізіліп отыр

 Дәурен Ерболат 09.06.2022 | 11:28
Фото: ilmarinfoto/shutterstock.com

Мемлекеттік кірістер комитеті елімізде ағаш материалдарын басқа елдерге шығаруға тыйым салынғанын хабарлайды. Бұл талап 8 маусымнан бастап күшіне еніп отыр.

Шектеу отандық ағаш өңдеу өнеркәсібін дамыту және ағаш өнімдерін заңсыз әкетуге жол бермеу үшін енгізілді.

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы 6 ай қолданыста болады және ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 «Теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар» кодын қоспағанда, Қазақстан аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) әкетуге тыйым салады», - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама