Halyq Uni логотип
×

Енді қазақстандықтар ауруханада маска тағып жүруі керек

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қаулығы қол қойды

 Дәурен Ерболат 16.08.2024 | 13:36
Енді қазақстандықтар ауруханада маска тағып жүруі керек
Фото: Halyq Uni

Енді Қазақстан азаматтары ауруханада маска тағып жүруі керек, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бүгін Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы №7 «2024-2025 жылғы эпидемиялық маусымда тұмау, өткір респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ) және коронавирусқа қарсы іс-шаралар өткізу туралы» Қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, төмендегі іс-шаралар жүргізіледі:

  • 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу;
  • Медициналық ұйымдарда: кіреберісті «сүзгі» жұмысымен қамтамасыз ету, бетперде тағу, антисептиктердің болуы;
  • ЖРВИ, тұмаудың белгілері байқалған бір жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдердің үйге шақыртуына бірінші кезекте қызмет көрсету қарастырылған.

Тұмау, ЖРВИ, КВИ ауруларының алдын алу үшін келесідей профилактикалық шаралар жүргізу ұсынылады:

  • Ғимараттың ішін жиі-жиі желдетіп отыру;
  • Қолды таза ұстау үшін антисептикалық құралдарды пайдалану;
  • Науқастармен байланысты шектеу, олармен сөйлессеңіз, бетперде тағу;
  • Медициналық көмекке дер кезінде жүгіну.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама