×

Жалған адвокат алаяқтық жасағаны үшін сотталды

Ол лауазымды адамға пара беруге итермелеген

 Динара Амантай 16.08.2024 | 12:03
Фото: Halyq Uni

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында алаяқтық жасаған және лауазымды адамға пара беруге итермелеген тұрғынға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Адвокаттық қызметпен айналысуға рұқсаты жоқ «К.» есімді азамат қылмыстық істі тоқтатуға жәрдем беремін деп күдіктінің туысын лауазымды адамға пара беруге итермелегені анықталды. Күдіктінің туысы адвокаттың заңсыз әрекетін түсініп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне жүгінген. Жедел іс-шаралар жүргізу барысында «K.» 10 млн теңге көлемінде ақша алу кезінде ұсталды, – прокуратура хабарламасында.

Қылмыскер 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Шымкент қаласының прокуратурасы азаматтарға алаяқтардан аса сақ болуды ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама