Маймыл шешегінің таралуы: ДСМ қазақстандықтарға ескерту жасады
Бүгінде елде күдікті бірде-бір жағдай тіркелмеген
Әлемдегі маймыл шешегіне қатысты жағдайдың ушығуна байланысты Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, осы жылдың соңғы 6 айында маймыл шешегімен науқастану бойынша тіркелген жағдайлардың саны 2022 жылғы тамызда тіркелген 30 721 жағдайдың әлемдік ең жоғары шегімен салыстырғанда айтарлықтай төмендеген. Эндемиялық аймақтарға Африка, АҚШ және Еуропа жатады.
Бүгінде Қазақстанда маймыл шешегіне күдікті бірде-бір жағдай тіркелмеген.
Оы инфекцияны ел аумағына әкелуге жол бермеу бойынша профилактикалық шаралар қабылданды. Қазақстанның санитарлық-карантиндік пункттерінде аса қауіпті ауруларға күдікті науқасты мемлекеттік шекарада анықтау жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі, – делінген ДСМ хабарламасында.
Эндемиялық елдерге баратын туристерге инфекцияның таралуының алдын алу үшін кеңестер:
- Ауырған адамдарға және инфекция жұқтырған жануарларға жақындамау;
- Қорғаныш құралдарын пайдалану;
- Гигиенаны сақтау;
- Бөртпе, дене қызуының жоғарылауы, бас ауруы және шаршау сияқты белгілер пайда болған кезде медициналық көмекке, дәрігерге жүгіну қажет.
Айта кетсек, маймыл шешегі – кеміргіштер мен приматтар сияқты жабайы жануарларда пайда болатын және кейде адамдарға жұғатын вирус.