Halyq Uni логотип
×

Париж Олимпиадасының жүлдегерлері коронавирус жұқтырды

Олар оқшауланды

 Дәурен Ерболат 16.08.2024 | 10:30
Париж Олимпиадасының жүлдегерлері коронавирус жұқтырды
Фото: Halyq Uni

Париж Олимпиадасында жүлдеге ілінген 3 спортшыдан COVID-19 анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ақпаратты Спорт және дене шынықтыру істері комитеті растады.

Коронавирус 3 спортшы мен 2 бапкерден анықталды. Жалпы спортшыларды тексеру барысында олардың ПТР тесті оң нәтиже көрсетті. 3 спортшы да Париж Олимпиадасында жүлдеге ілінген, - деп жазылған комитеттің баспасөз хабарламасында.

Бүгінде олар оқшауланып, ем-дом қабылдап жатыр.

Олар үйлерінде. Жағдайлары жақсы. Вирус жеңіл формада өтуде. Тезірек сауығып кетулеріне тілектеспіз. Құраманың қалған мүшелері дін аман, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, биылғы Олимпиадада Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальға ие болған еді.

Алтын медаль

  • Елдос Сметов, дзюдо.

Күміс медаль:

  • Демеу Жадыраев, грек-рим;
  • Нұрбек Оралбай, бокс;
  • Нариман Курбанов, гимнастика.

Қола медаль:

  • Назым Қызайбай, бокс,
  • Ғұсман Қырғызбаев, дзюдо;
  • Ислам Сәтпаев пен Александра Ле, нысана көздеу.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама