Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Түркістан облысы қазынашылық департаментінің қызметінде жүйелі заңдылықты бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, департаменттің лауазымды қызметкерлері «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ есепшілерімен сөз байласу арқылы қызметкерлердің санын негізсіз ұлғайтып, 8 млн жуық теңгені иемденген.
Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.
Бұған қоса басқа да қолданыстағы заңнамалар бойынша заңбұзушылықтар анықталып, оларды жою мақсатында Қаржы министрлігіне ұсыныс енгізілді.