Halyq Uni логотип
×

«Жетісу» футбол клубының спорт директоры сотталды

Ол аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырған

 Динара Амантай 16.08.2024 | 09:32
«Жетісу» футбол клубының спорт директоры сотталды
Фото: Halyq Uni

Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубының спорт директоры Д. М. Иманқұловқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ол футболшының еңбек шартына бонус беру сылтауымен 5,5 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама