Олар мемлекетке 10 млрд теңгеден астам залал келтірген
ҚМА Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті «Көмековтер» ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты қылмыстық істі тергеді.
Жалпы, ағайынды Көмековтердің 7 белсенді мүшесі ұйымдасқан қылмыстық топты басқарып, әрқайсысы жалған кәсіпорындардың тұтас желісі арқылы іс жүзінде жұмыс істемей, шот-фактураларды берудің қылмыстық схемасында белгіленген қызмет жасағаны анықталды.
Ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекеттері салдарынан мемлекет бюджетіне салық түріндегі 1 миллиард теңгеден астам қаражат түспеген.
Сот ұйымдасқан қылмыстық топтың кеңсесін және 17 миллион теңгеден астам қаражатты тәркілеумен қатар, мемлекеттік кірістер органдарының 10 млрд теңгеден астам сомаға келтірілген залал сомасын өтеп беру туралы азаматтық талап арызын да қанағаттандырды.
Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысушылар түзеу мекемелерінде 3 жылдан 5 жылға дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Көмековтердің қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, 7 және 10 жылға бас бостандығынан айырылды.