Апат салдарынан жаяу жүргінші дене жарақатын алды
Алматыда троллейбус аялдамаға соғылып, жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, бұл жол-көлік оқиғасы Алматының Алмалы ауданында болған.
Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта, Мақатаев көшесінің оңтүстігінде келе жатқан троллейбус жүргізушісі рөльді басқара алмай аялдамаға соғылды. Салдарынан аялдамада тұрған жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп жазылған хабарламада.
Апат салдарынан жаяу жүргінші дене жарақатын алды.
Қазіргі күні Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Еске сала кетейік, осыдан бір ай бұрын Алматыда қоғамдық көлік пен жеңіл автокөлік соқтығысып, салдарынан бір адам қайтыс болды.