«Әйелді хиджаб кимегеннен өлтіріп жатыр»: Ұланғасыр Қамиевтің ісіне қатысты тың дерек шықты
Әншіге қатысты істің жабылған
Желіде «хиджаб кимеген әйелдер» туралы пікір білдіріп, басы дауға қалған әнші Ұланғасыр Қамиге қатысты істің жабылғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл туралы өнер иесінің үстінен арыз түсірген келіншек әлеуметтік желіде хабарлады.
Қостанай қаласының тұрғыны Саида Сисембаева әнші Ұланғасыр Қамидің пікірімен келіспей, оның үстінен арыз түсірген болатын. Алайда бүгінде оған әншіге қатысты істің жабылғаны туралы ақпарат келіп түскен.
Маған Алматы қаласының полиция департаментінің өтінішімді тіркеусіз қалдыратыны жөнінде хат келді. Өйткені олардың пікірінше, Қамиевтің сөздерінде қылмыс құрамы жоқ екен. Әнші сөзінде әйелдерді күйеулерінің өлтіруін ашық ақтаған болатын еді, – деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Сонымен қатар Саида Сисембаева желіде өтініштің мәтінін жариялап, әншінің үстінен жазылған арыз қаралмайтынын айтты.
Қамиев Ұ.Ж өзінің Instagram парақшасында тікелей эфир кезінде оқырмандарының қойған сұрақтарына жауап берген. ҚР ҚК 174-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамын жасамаған. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, бұл жағдайда қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы жоқ екенін ескере отырып, заңға сәйкес сіздің өтінішіңіз есепте тіркеусіз қалды әрі номенклатуралық іс жүргізу есебінен шығарылды, - делінген ІІМ-нің жауабында.