Halyq Uni логотип
×

Қызылордалық қыздың тұратын жеріне полиция күзеті қойылды

Оған психологиялық, дәрігерлік көмек көрсетіліп жатыр

 Ербол Тұрымбет 15.08.2024 | 17:32
Қызылордалық қыздың тұратын жеріне полиция күзеті қойылды
Фото: Halyq Uni

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қызылордалық қыздың жағдайына қатысты жаңалығын жазды. Оның жазуынша, аймақтық уәкіл бірден қызбен, анасымен кездесіп, психологиялық және медициналық көмек ұйымдастырған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Психологпен үш кездесу өтті, бірақ анасы ауруханаға жатқызудан бас тартып, соған байланысты дәрігерлер үйіне барып тұратын болып келісті. Сондай-ақ, (полиция – ред.) департамент бастығы орынбасарымен кездесу ұйымдастырылды, қыздың тұратын жеріне тұрақты күзет қойылды, – деп жазды уәкіл.

Сондай-ақ, прокуратураға тергеу әрекеттері кезінде күдіктілерге қатысты бұлтартпау жөнінде өтініш жасалған, өйткені олар бұған дейін үй қамағына ауыстырылған еді. 

Кез-келген көмекке жүгіну және оны қабылдау ата-аналардың өз құқығы. Дегенмен тергеудің толықтығын қамтамасыз ету, көмекті ұйымдастыру үшін қажет нәрсенің бәрін біз өңірлік уәкілмен бірге жасап жатырмыз, – деп жазды Динара Зәкиева. 

Айта кетейік, Қызылордада 16 жастағы оқушы қыздың қиын жағдайы туралы «Немолчи» қорының басшысы Дина Смаилова әлеуметтік желіге жазған еді. Оның жузынша, қызды өзінің сыныптастары туыстарымен қосылып, ақпаннан бастап жезөкшелікке сатқан. Бір үйдің жалғыз қызы байланысқа мезгіл-мезгіл ғана шығып, кафеде даяшы немесе гүл сататын дүкенде сатушы болып жұмыс істейтінін айтып отырған. Ал ата-анасы қызының «жұмыс орнына» барса, жай видео түсіріп, кетіп қалғанын білген. Артынан белгілі болғаны, ата-анасы шу шығармас үшін қыз осылай етуге мәжбүр болған.

Қызды ылғи есірткіге отырғызып, зорлаумен болған. Ата-анасы болса, бұл жағдайды мектептің бүкіл мұғалімі мен директоры, учаскелік полицейге дейін білгенін, сол үшін де барлығы жабылып ата-анасын қорқытуға тырысқанын айтады, – дейді Дина Смаилова. 

Ал мұның бәрі қыздың бір танысынан 100 мың теңге қарыз сұрауынан кейін белгілі болған. Себебі, бұл ақшаны таппаса, шашын тақырлап, қасын қырып тастайтындарын айтқан. Ол танысы бұған шыдамай, қыздың ата-анасына айтып берген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама