Оған ауыр қылмыс жасады деген айып тағылып отыр
Антикор аса ірі көлемде алаяқтық жасаған Ресей Федерациясының азаматына іздеу жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мәліметінше, күдіктіге ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында («Алаяқтық») көзделген ауыр қылмыс жасады деген айып тағылған.
Қапенов Азамат Абайұлы 1978 жылы 12 сәуірде Қырғыз Республикасы Пржевальск қаласында туған. Оған тағайындалған бұлтартпау шарасы – «Қамауда ұстау».
Егер сіз іздестіріліп жатқан азаматтың қайда екені туралы қандай да бір ақпаратқа ие болсаңыз, бізге хабарлауыңызды сұраймыз, – делінген Антикор хабарламасында.
Агенттікке төмендегі нөмірлер арқылы хабарласуға болады:
Сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі.