Halyq Uni логотип
×

СҚО-да ақша жымқырған балабақша қызметкерлері тергеліп жатыр

Мектепке дейінгі білім беру ұйымында талаптар бұзылған

 Динара Амантай 15.08.2024 | 15:33
СҚО-да ақша жымқырған балабақша қызметкерлері тергеліп жатыр
Фото: Halyq Uni

СҚО-да ақша жымқырған балабақша қызметкерлері тергеліп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Айыртау ауданындағы балабақшаны тексеру кезінде 2021-2024 жылдар аралығында мекеме қызметкерлері мектепке дейінгі ұйымға іс жүзінде бармайтын балаларды тіркеу арқылы бюджет қаражатын заңсыз иемденген.

Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Сонымен қатар, тексерулер барысында өрт қауіпсіздігі, санитарлық нормалар, балалардың интернет желісінде тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізуі және тағы басқа талаптардың бұзылғаны анықталды. Олар бойынша қадағалау актісі енгізіліп, кінәлілер түрлі жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама