×

Жетісу облысында 3 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

ЖШС-ға қомақты айыппұл салынды

 Динара Амантай 15.08.2024 | 15:15
Фото: Halyq Uni

Жетісу облысында 3 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жер ресурстарын басқару комитеті Жетісу облысындағы ЖШС-ға жер учаскесінің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмауына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Ақсу ауданында орналасқан учаскенің ауданы – 2910 гектар.

Тексеру нәтижесінде Жер кодексінің 92-бабының бұзылғаны анықталды. Оған сәйкес ЖШС бір жыл мерзімге орындау үшін міндетті нұсқама беріліп, бірақ оның талаптары орындалмады. Осыған байланысты департамент Ақсу аудандық сотына ЖШС қатысты әкімшілік шараларды қолдану туралы талап арыз жолдады. Сот қаулысымен ЖШС-ге 1 млн 292 мың теңге айыппұл салынды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қазір департамент жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама