Ақмола облысында 70 адам эвакуацияланды

Қымбат Елтайқызы

Олардың 16-сы – бала

фото: Halyq Uni

Ақмола облысының өрт сөндірушілері 70 адамды құтқарды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, түнде Көкшетауда Ж.Жабаев көшесі бойындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде кіреберісте электр сымдарының алаусыз қысқа тұйықталуы тіркелді.

ТЖД күштері жоғарғы қабаттарға қалың ащы түтін тарағандықтан, баспалдақпен 70 адамды, оның ішінде 16 баланы эвакуациялады, – деп қосты ведомство.

Түтін шығарылып, тұрғындар өз пәтерлеріне оралды.

ТЖМ мамандары электр желілерінің жай-күйін үнемі тексеру қажеттігін еске салады.