Түрмедегі танысына жасырын есірткі өткізбек болған күдікті ұсталды
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті
Қызылорда облысында түрмедегі танысына жасырын есірткі өткізбек болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Polisia.kz мәліметінше, Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №68 мекемесінде қамауда отырған жазасын өтеушіге жақын танысы сәлем-сауқат әкелген.
Мекеме қызметкерлері сәлемдемені тексеру барысында жаңғақтың ішіне жасырылған өткір иісі бар жасыл түсті затты анықтады. Олар дереу «102» нөміріне хабарласып,жедел тергеу тобы шақырған.
Сот химиялық сараптамасы табылған заттың 8,56 грамм болатын марихуана екенін анықталды. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296 -бабы 2- тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қызметкерлеріміз әрбір келушіге сотталғандардың пайдалануы мен қолданылуына тыйым салынған заттарды әкелу болмайтынын ескертсе де осындай жағдайлар тіркеледі, – деді жедел бөлім тобының жедел уәкілі Бекнұр Байдүсен.