Halyq Uni логотип
×

ЖОО оқытушылары мен ғылыми қызметкерлердің жалақысы қалай көтеріледі

Заңға тиісті өзгертулер енгізілді

 Динара Амантай 15.08.2024 | 13:06
ЖОО оқытушылары мен ғылыми қызметкерлердің жалақысы қалай көтеріледі
Фото: Halyq Uni

Екі жыл бұрын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқытушылар мен ғалымдардың жалақысын көтеруді тапсырған болатын, деп хабарлайды Halyq Uni.

Осыған байланысты елімізде жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына білім сапасын және ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін арттыруға бағытталған өзгертулер енгізілді.

Бұл ретте ЖОО-лардағы профессор-оқытушылардың жалақысы 160,7 мың теңгеден 350 мың теңгеге дейін, ұлттық ЖОО-ларда 228,8 мың теңгеден 400 мың теңгеге дейін көбейді. Былтыр 1 қаңтардан бастап ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 18%-ға, биылғы қаңтардан бастап 18%-ға, келер жылғы қаңтардан бастап 17%-ға өспек, – делінген Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарламасында.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңда көзделген нормалар аясында ғылыми атақтар алу үшін ғылыми қызметкерлерге қосымша ақы көлемі артты. Аталмыш заңға президент биыл 6 мамырда қол қойды.

Түзетулер педагогтер мен ғылыми қызметкерлердің материалдық жағдайын жақсартуды көздейді. Нақты айтқанда, ғылыми дәрежесі мен атағы бар педагогтер үшін ай сайын төленетін қосымша ақы мөлшері көбейді. Ғылыми дәрежелері мен атақтары үшін ай сайынғы қосымша ақы негізгі жұмыс орнында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін ғылыми қызметкерлерге де белгіленді.

40 жасқа толмаған дарынды жас ғалымдарға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының эндаумент-қорының инвестициялық кіріс қаражатынан стипендия алу құқығы берілді, – делінген министрлік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама