Halyq Uni логотип
×

Денсаулық сақтау министрлігі ауруханаға жатқызу процесін жеңілдетті

Бұл науқастардың уақыты мен ақшасын үнемдеуге мүмкіндік береді

 Қымбат Елтайқызы 15.08.2024 | 12:21
Денсаулық сақтау министрлігі ауруханаға жатқызу процесін жеңілдетті
фото: Halyq Uni

ДСМ жоспарлы ауруханаға жатқызуға дайындық рәсімдерін жеңілдетті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Денсаулық сақтау министрлігі емханалар мен стационарлардағы медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру мақсатында халықаралық стандарттарға сай диагностикалық рәсімдерді оңтайландыру жұмыстарын жүргізді, деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Жаңа стандартқа сәйкес, жалпы тізімде стационарлық жағдайда соматикалық бейіндегі науқастарды емдеуге қажет негізгі 13 зерттеу анықталды. Сонымен бірге, бірқатар зертханалық аспаптық зерттеу нәтижелерінің жарамдылық мерзімі 10 күннен 14 күнге дейін, 1 айдан 6 айға дейін ұзартылып, бұл ауруханаға жатқызуға дайындық үдерісін айтарлықтай қысқартуға септік етті, – деп қосты министрлік.

Диагностикалық рәсімдерді стандарттау мен оңтайландыру қажетсіз шығындарды азайтып, халықтың қалтасынан шығатын ақшаны төмендетуге бағытталған. Бұл өзгерістер медицина ресурстарын тиімді пайдаланып, науқастарға түсетін жүктемені азайтуға ықпал етеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама