Еліміздің сыртқы сауда айналымы 2,1% төмендеген

Ербол Тұрымбет

Бірақ оң сауда балансы өсіп отыр

Фото: Halyq Uni

2024 жылғы қаңтар-маусым аралығындағы сыртқы сауда айналымы 66,9 млрд долларды құраған. Бұл былтырғы салыстырмалы кезеңдегі 68,347 млрд доллардан шамамен 2,1% кем, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бірінші жартыжылдықта экспорт 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен 2,1%-ға өсіп, 39,3 млрд долларды құраған. Былтыр мұндай кезде 38,5 млрд доллар болған еді.

Ал импорт 7,6%-ға азайып, 27,6 млрд долларға дейін төмендеген. Бір жыл бұрын 29,9 млрд доллар болатын.

Жалпы, оң сауда балансы былтыр 6 айдың қорытындысы бойынша 8,7 млрд доллар болса, биыл оң 11,7 млрд долларға дейін жетіп отыр.