Қазақстаннан ЖСН алған ресейліктердің саны 42 мыңнан асып кетті

Еркеғали Болатұлы

Былтырғыдан 19 есе артып отыр

фото: sputnik.kz

Елімізден жеке сәйкестендіру нөмірін алған ресейліктер саны 42 мыңнан асты. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, былтыр осы кезде небәрі 2,5 мыңдай ресейлікке ЖСН берілген.

Биыл көрсеткіш 19 есе артып отыр. Жалпы, шетелдіктерге Қазақстан ЖСН-і банктен шот ашқанда, жұмысқа тұрып, автокөлік сатып алатын кезде қажет.

Еске сала кетсек, бұған дейін шетел азаматтарына сәйкестендіру нөмірін egov порталында онлайн беру қызметі қазанға дейін тоқтатылған еді. Оған дейін олар ЖСН-ді халыққа қызмет көрсету орталықтарына келіп алуы тиіс.