Олар аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырған
Алматы қаласы Медеу ауданының сотында қалалық емхананың есепшілері К. Хангиреева мен А. Туғанбаеваға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Сотталушылар ауруханада іс жүзінде еңбек етпеген адамдарға жалақыны және басқа да төлемдерді заңсыз аудару арқылы 341 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған.
Сот үкімімен бас есепші Хангирееваға 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оның қарамағындағы қызметкер Туғанбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылды, – делінген Антикор хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.