Қарағанды облысында аудан әкімдігінің заңсыз бұйрығы жойылды
Прокуратура кәсіпкердің құқығын қорғады
Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы өнеркәсіп және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының қызметіне талдау жүргізді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бұқар жырау ауданында әкімдік пен компаниялардың бірі арасында құм-қиыршық тас қоспасын өндіруге келісімшарт жасалғаны анықталды. Алайда, кейін әкімдік бұл келісімшартты біржақты тәртіппен тоқтатқан. Шартты бұзудың заңда белгіленген тәртіптері сақталмағандықтан, бұл әрекеттер заңсыз деп танылды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Кәсіпкер екі жыл бойы әділдік іздеген, бірақ оның талпынысы нәтиже бермеген. Прокуратура әкімдіктің заңсыз әрекетіне наразылық енгізіп, ол қанағаттандырылды. Нәтижесінде келісімшартты бұзу туралы бұйрықтың күші жойылып, кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді.