Air Astana мен FlyArystan да тексеріледі
Арнайы тексеру комиссиясы құрылды
«Air Astana» АҚ және «FlyArystan» АҚ әуекомпанияларының рейстері кешігуіне, сондай-ақ жолаушылардың құқығы бұзылуына қатысты Азаматтық авиация комитеті тексеру комиссиясын құрды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Әуе компаниялардың техникалық себептер бойынша рейстерді кешіктіру жағдайларының көбеюіне, сондай-ақ жолаушылардың құқығын сақтауға қатысты көптеген шағымдарға байланысты Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшулардың тоқтатылуы, кешігуі және тиісті қызметтерді көрсетпеу себептерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация туралы заңнамасының талаптарын бұзуға байланысты басқа да жағдайларды анықтау үшін комиссия құрды, – делінген Комитет хабарламасында.
Сонымен қатар, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директорының бұйрығымен «Air Astana» АҚ мен «FlyArystan» АҚ-на жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.