Медицинадағы мамандардың жұмыс істеуге деген ынтасын арттыру керек
Денсаулық сақтау саласының сарапшысы Лейла Ишбаева елордалық дәрігерлердің айлығына «астаналық коэффициент» түріндегі қосымша үстемақы енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Қала әкімдігінде өткен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша қоғамдық тыңдауда сарапшы Астана қаласының әкімі басқаратын қор құруды ұсынды.
Менің ойымша, бұл қорды әкім басқарып, қалалық денсаулық сақтау басқармасы бақылауында ұстауы керек. Себебі, оларда жақсы сөз және алғыс хаттан бөлек, қаржылық қор да болуы керек. Неге? Себебі, еліміз жылына бір адамға медициналық қызмет көрсетуге 250 доллар (119 291 теңге, 1 доллар – 477 доллар) жұмсайды. Ресейде бұл көрсеткіш – 1250 доллар (596 459 теңге), Мәскеуде – 3120 доллар (1 488 761 теңге). Нәтижесінде Мәскеуде денсаулық сақтау саласы осындай деңгейде жетті. Бұл «астаналық коэффициент» есебінен болды. Бұл (Мәскеу мэрі) Сергей Собянин бөлетін қосымша төлемдер... Сіздер бұл ақшаны «астаналық коэффициент» есебінен көтерілген тариф түрінде аласыздар. Біз Жеңіс Қасымбектен осыны сұраймыз, - деді Лейла Ишбаева.
Сондай-ақ ол қаладағы ауруханалар мен дәрігерлерге мәртебе беру керек деген пікірде.
Клиникалардың рейтингісі болуы керек. «Астаналық» деген мәртебе беру қажет. Мысалы, астаналық дәрігер, астаналық клиника. Сонда бізде жұмыс істеуге деген ынта пайда болады, - деді сарапшы.