«Әуекомпания кінәлі емес». Air Astana-ның тағы бір ұшағы зақымдалды
Компания Алматы халықаралық әуежайын бұндай оқиғалардың алдын алуға шақырды
Air Astana 13 тамызда КС 267 Алматы-Бейжің рейсін дайындау кезінде әуе кемесінің есігі тамақ таситын машинадан зақымданғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бұл рейстің жолаушылары бүгінгі рейспен діттеген жеріне жеткізіледі. Әуекомпания рейстің кешіктірілгеніне өкініп, оған әуекомпания кінәлі емес екенін атап көрсетеді, – делінген Air Astana хабарламасында.
Компания Алматы халықаралық әуежайын бұндай материалдық залал келтіріп қана қоймай, ұшу кестесін бұзатын оқиғалардың алдын алуға шақырды.
Еске сала кетсек, 5 тамызда Астана әуежайының операторы FlyArystan ұшақтарының біріне зақым келтірген. Осыған байланысты авиациялық әкімшілік елордалық әуежайда жоспардан тыс инспекциясын өткізегенін мәлімдеген.